Q Football

Қазақстан Республикасының Үкіметі УЕФА-ның төртінші санатты стадионының құрылысын бастауға 6,5 миллиард бөлді

Қазақстан Республикасының Үкіметі УЕФА-ның төртінші санатты стадионының құрылысын бастауға 6,5 миллиард бөлді
KFF

Үкіметте бұл жоба Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасын орындау шеңберінде іске қосылатынын еске салды. Мемлекет басшысы 2025 жылы өткен Ұлттық құрылтайдың төртінші отырысында бүкіл ел бойынша футболды дамыту және аймақтардағы спорттық инфрақұрылымды жаңарту туралы айтқан болатын

Жаңа стадион Ақтөбенің батыс бөлігінде салынады. Нысанға ауданы 25 гектар болатын жер учаскесі бөлінді. Арена 35 мың көрерменге арналған және аймақтағы ең ірі спорттық нысандардың бірі — соның ішінде жас спортшыларды дайындау алаңы болуы тиіс.

Жоба УЕФА-ның төртінші санатының талаптарына сай әзірленуде. Жоспар бойынша бұл жалпы ауданы 80 мың шаршы метрден асатын бес қабатты ғимарат болады. Стадионда футбол алаңы, трибуналар, командалар мен БАҚ өкілдеріне арналған бөлмелер және басқа да аймақтар қарастырылған.

Құрылыс үш кезеңге бөлінеді. Бөлінген 6,5 млрд теңге осы жылы басталан бірінші кезеңге бағытталады. «Құрылысты аяқтап, нысанды пайдалануға беру 2028 жылдың қыркүйегіне жоспарланған», — делінген үкіметтің әлеуметтік желідегі хабарламасында.

35 мың орындық стадионның құрылысы 2025 жылдың желтоқсанында басталып, толыққанды құрылыс-монтаждау жұмыстары осы жылдың қаңтарында іске қосылғаны хабарланды. Әзірге «Ақтөбе» өз алаңындағы ойындарын Қобыланды батыр атындағы Орталық стадионда өткізуді жалғастыруда.