Q Football

«Тобыл» QJ League U-15 матчында «Қайсарды» 7:0 есебімен ойсырата жеңді

«Тобыл» QJ League U-15 матчында «Қайсарды» 7:0 есебімен ойсырата жеңді

Қостанайлық команда ірі жеңіске жетіп, көшбасшыны қууды жалғастырып келеді.

QJ League U-15 чемпионатының 12-турында 2012 жылы туған «Тобыл» тәрбиеленушілері сырт алаңда «Қайсарды» 7:0 есебімен тас-талқан етті.

Кездесудің басты қаһарманы Әлижан Әміртаев болды. Ол хет-трик авторы атанса, Төлеген Нұрмаш, Исмеджан Бермұхамбет, Руслан Плясковский және Ілдар Жармағамбетов бір-бір голдан соқты.

Осы жеңістен кейін «Тобыл» 27 ұпаймен турнирлік кестедегі екінші орнын сақтап, көш бастап тұрған «Қайраттан» арадағы айырмашылықты төрт ұпайға дейін қысқартты. Ал төрт ұпайы бар «Қайсар» соңғы орында қалып отыр.