Бұған дейін қазақстандық маман «Жетісу», «Жеңіс», «Тұран» және «Каспий» клубтарын жаттықтырған. Сондай-ақ «Елімайдың» бапкерлер штабында жұмыс істеген. «Оқжетпеске» келгенге дейінгі соңғы командасы Павлодардың «Ертісі» болды.
Әлюетовтің жетекшілігімен «Оқжетпес» тарихындағы ең үздік маусымдарының бірін өткізді. Команда 30 матчта 54 ұпай жинап, чемпионатты төртінші орынмен аяқтады.
Енді маманның алдында осы нәтижені бекітіп, команданы жаңа маусымға дайындау міндеті тұр. Алдағы маусымда «Оқжетпес» ел чемпионатымен қатар еурокубокте де бақ сынайды.
