Q Football

Румын маманы Константин Гылкэ «Елімайды» басқаруы мүмкін

Румын маманы Константин Гылкэ «Елімайды» басқаруы мүмкін

Испанияның «Эспаньол» клубының бұрынғы бапкері Семей клубының бас бапкері қызметіне негізгі үміткерлердің бірі ретінде қарастырылып отыр. Бұл туралы «Серый CARDINAL» телеграм-арнасы хабарлады.

Гылкэ Испаниядан бөлек, Румынияның бірқатар командасын басқарған. Қазақстан футболымен ол бұрыннан таныс. 2014 жылы Бухаресттің «Стяуа» клубын басқарған маман УЕФА Чемпиондар лигасының іріктеу кезеңіндегі матч үшін Ақтөбеге келген еді. Ол кездесу 2:2 есебімен тең аяқталды. Бухаресттегі алғашқы ойында румын клубы 2:1 есебімен жеңіске жеткен болатын.

Бұған дейін «Елімай» Андрей Карповичпен жұмысты аяқтағанын мәлімдеді. Семейліктер ҚПЛ-2026 маусымының соңғы матчын 31 қазанда өткізеді. Бұл ойында олар өз алаңында Көкшетаудың «Оқжетпес» командасын қабылдайды.