Чемпиондық атақтың тағдыры соңғы алдындағы 29-турда шешілді. Қазіргі чемпион «Қайрат» «Ақтөбемен» тең ойнап (2:2), бір күн бұрын «Женіспен» тең түскен (1:1) шымкенттіктерді қуып жету мүмкіндігінен айырылды.
Парақша маусымы «көктем — күз» жүйесімен өтетін лигалардағы екі жаңа чемпион туралы хабарлады. Авторлардың айтуынша, Қазақстанда «Ордабасы» бірінші орын үшін тартыста «Қайраттан» озып, күтпеген жерден лига жеңімпазы атанды.
