Q Football

Рафаэль Уразбахтин ҚПЛ клубының тізгінін ұстауы мүмкін

Рафаэль Уразбахтин ҚПЛ клубының тізгінін ұстауы мүмкін
©️ФК «Кайрат»

«Елімай» басшылығы Андрей Карповичпен мерзімінен бұрын қоштасқан соң қазақстандық маманмен нақты келіссөз жүргізуге дайындалуда

Семейлік клуб Премьер-лиганың келесі маусымы басталмас бұрын бас бапкердің бос қалған орнына басты үміткерді таңдады. Инсайдер Эльдар Аманбаевтың ақпараты бойынша, Абай облысы клубының жаңа басшылығы Рафаэль Уразбахтиннің кандидатурасына зор қызығушылық танытып отыр әрі таяу күндері отандық бапкермен ресми келіссөздер жүргізуге ниетті.

Уразбахтин қазан айының соңында «Қайраттан» өте сәтті өткен екі жылдық кезеңнен кейін кеткен болатын. Осы уақыт аралығында ол алматылықтарды екі мәрте чемпиондық тұғырға көтеріп, ел Суперкубогын олжалады және ұжымды тарихында тұңғыш рет Чемпиондар лигасының жалпы кезеңіне алып шықты. Атақты бапкер семейліктер сапында келісімшарты чемпионаттың шешуші туры қарсаңында қос тараптың келісімімен бұзылған Андрей Карповичтің орнын алмастырмақ.