«Барселона» келісімшарттың ұзартылғанын X әлеуметтік желісінде хабарлап, футболшы мен клуб президенті Жоан Лапорта қатысқан арнайы бейнежазба жариялады.
Биылғы маусымда Рафинья барлық турнирде 19 гол соқты — оның 15-і Ла Лигада, төртеуі Чемпиондар лигасында тіркелді. Жалпы бразилиялық футболшы каталониялық клуб сапында 190 матч өткізіп, 94 голдың авторы атанды.
Шабуылшы «Барселонаға» 2022 жылдың жазында қосылды. Ханси Фликтің жетекшілігімен ол команданың негізгі ойыншыларының бірі әрі көшбасшысына айналды.
