Q Football

«Қайсар» футболшысы командаласымен төбелескеннен кейін хейтерлерге жауап берді

«Қайсар» футболшысы командаласымен төбелескеннен кейін хейтерлерге жауап берді
PFL KAZ

Нұралы Жақсылық «Алтаймен» болған ойыннан кейін Instagram-да сторис жариялап, командаласымен арадағы жанжалдан кейін туған жағымсыз пікірлер тасқынына үн қатты

«Бүгін болған жағдай менің осы клубқа деген сүйіспеншілігімді ешқашан өзгертпейді. Бір-екі адам менің бұл клубқа деген көзқарасыма әсер ете алмайды.

Мен әрқашан өзімді шын жүректен қолдайтындар үшін жан-тәнімді салып ойнаймын. Иншаллаһ, алдымызда әлі де көп жеңіс бар. Менімен бірге болған барша жандарға үлкен рахмет. Алға, «Қайсар»!» — деп жазды футболшы.

Оқиға финалдық ысқырық шалынған бойда орын алды. Жақсылық алаңда бірден командаласы, шабуылшы Нұрдаулет Ағзамбаевпен сөзге келіп қалды: алдымен оны итеріп жіберіп, кейін бетінен ұрды.

Футболшыларды арашалауға тек «Қайсардың» ған емес, «Алтайдың» да ойыншылары араласуға мәжбүр болды. Кездесу қорытындысы бойынша Қызылорда командасы 0:2 есебімен жеңіліске ұшырады.