Q Football

«Қайратты» маусымның шешуші кезеңінде жетекші қорғаушысынан айырылды

«Қайратты» маусымның шешуші кезеңінде жетекші қорғаушысынан айырылды
©️ФК «Кайрат»

39 жастағы Мартынович сегізінші ескертуін алып, «Алтайға» қарсы матчта алматылықтарға көмектесе алмайтын болды

«Қайраттың» орталық қорғаушысы Александр Мартынович сары қағаздар санының шектен асуына байланысты Премьер-лиганың 30-туры аясындағы «Алтайға» қарсы кездесуге қатыса алмайды. «Ақтөбемен» өткен соңғы матчта (2:2) 39 жастағы беларусьтік ардагер ойыншы осы біріншіліктегі сегізінші ескертуін алып, турнир регламентіне сәйкес бір ойынға автоматты түрде шеттетілді.

Қорғаныс көшбасшысының қатардан шығуы алматылық клубтың бапкерлер штабы үшін елеулі кадрлық түйткілге айналмақ: ағымдағы маусымда Мартынович 25 кездесуге қатысып, екі гол соғып, бір нәтижелі пас берген болатын.