Алаң иелері есепті бесінші минутта ашты. Олувасейи Оджо допты қақпаның төменгі бұрышына бағыттап, командасын алға шығарды. 34-минутта Азамат Туякбаев айып добынан тікелей соққы жасап, есепті теңестірді. Алайда төрт минуттан кейін Агустин Пасторица айып алаңының сыртынан дәл соққы жасап, «Ақтөбені» қайтадан алға шығарды.
Екінші таймда «Қайрат» таразы басын теңестіре алды. 70-минутта Марк Гуаль алаң ортасынан доппен алға жылжып, шабуылын голмен аяқтады. Осылайша, кездесу 2:2 есебімен аяқталды.
Бұл тең нәтиже «Қайраттың» чемпиондық атаққа таласу мүмкіндігінен біржола айырылуына себеп болды. Алматы клубы шымкенттік «Ордабасыдан» төрт ұпайға қалып қойды. Сондықтан маусымның соңғы турына дейін-ақ «Ордабасы» Қазақстан чемпионы атанды. Ал 46 ұпай жинаған «Ақтөбе» еурокубок жолдамасына таласа алмайды.
«Ақтөбе» — «Қайрат» — 2:2 (2:1)
Голдар: Олувасейи Оджо, 5-минут (1:0); Азамат Туякбаев, 34-минут (1:1); Агустин Пасторица, 38-минут (2:1); Марк Гуаль, 70-минут (2:2).
Кездесуді Орал қаласынан келген Болат Сариев бастаған төрешілер бригадасы басқарды.
