ASnews.kz хабарлауынша, «Атырау» Беларусь қақпашысына жаңа келісімшарт ұсынбайды. Сондықтан 38 жастағы голкипер жақында командадан кетеді. Клуб оның орнына жаңа ойыншы іздеуді бастап кеткен.
Хаткевич Қазақстанда 2023 жылдан бері ойнап келеді. Егор «Атыраудан» бөлек 2025 жылдың басында «Тұран» намысын қорғады.
Ол Премьер-лиганың биылғы маусымында 22 матчта 27 гол өткізіп, бес ойында қақпасына доп жібермеді. Ал келісімшарты 31 желтоқсанда аяқталады.
