Оразов жарақатынан кейін шамамен екі ай бойы оңалтудан өтті. Алаңға оралғаннан кейін футболшы әлеуметтік желідегі парақшасында қуанышымен бөлісті.
«Қайтадан ойынға оралдым. Екі айға созылған ауыр оңалту жұмысы ақыры нәтижесін берді. Алаңға шығып, бірден жеңіске жеткеніме керемет қуаныштымын. Жұмысты жалғастырамыз», — деп жазды футболшы.
Осылайша, 24 жастағы жартылай қорғаушы қайтадан ойын тәжірибесін жинай бастады.
