Q Football

«Атырау» ҚПЛ-дың шешуші матчтарын өз жанкүйерлерінің алдында өткізуді көздейді

«Атырау» ҚПЛ-дың шешуші матчтарын өз жанкүйерлерінің алдында өткізуді көздейді

«Атырау» футбол клубы Түркістандағы жиынын толық аяқтап, туған қаласына оралды.

Батысқазақстандық клубтың басшылығы биылғы маусымды жергілікті жанкүйерлердің алдында, «Судоремонтник» стадионында түйіндеуді жоспарлап отыр.

Самат Смақовтың шәкірттеріне өз алаңында екі қарсыласты қабылдау қалды: 14-турдан шегерілген семейлік «Елімаймен» өтетін кездесу және 29-турдағы павлодарлық «Ертіске» қарсы матч. Бұл ойындардың тағдыры Қазақстан футбол федерациясының инспекциясына тікелей байланысты — егер спорт кешені тексерістен сәтті өтіп, резервтік алаң мәртебесін алса, жанкүйерлер жерлестеріне трибунадан тікелей қолдау көрсете алады.

Команданың турнирлік кестедегі жағдайы әлі де күрделі: Премьер-лиганың ағымдағы маусымында 25 ойын өткізген «Атырау» 23 ұпай жинап, қазіргі уақытта 15-орында тұр.