Q Football

«Ақтөбе» тәлімгері команданың ҚПЛ көшбасшылар үштігіне енгенінен кейін мәлімдеме жасады

«Ақтөбе» тәлімгері команданың ҚПЛ көшбасшылар үштігіне енгенінен кейін мәлімдеме жасады

Ернар Жалбыров жанкүйерлерге алғыс айтып, команданың тұрақтылыққа қол жеткізгенін атап өтті.

«Бүгін келіп, команданы қолдаған жанкүйерлерге зор алғыс айтқым келеді. Бізде белгілі бір тұрақтылық пайда болды – қатарынан екі матчта жеңіске жеттік. Футболшыларға да жеке алғыс айтқым келеді: олар алаңда ойын алдындағы жоспарлағанымыздың бәрін орындады. Бәрі жоспар бойынша өтті. Барлық жанкүйерлерді жеңіспен құттықтаймын», – деді маман.

«Ақтөбе» «Оқжетпесті» 2:1 есебімен жеңді. Алаң иелері сапынан Яни Атанасов пен Темирлан Ерланов көзге түссе, қонақтардың жалғыз добын Шахбоз Умаров соқты.

Бұл үш ұпай «Ақтөбені» 31 ұпайға жеткізді – команда ҚПЛ турнир кестесінде үшінші орынға көтерілді. «Оқжетпесті» жеңу Жалбыров ұжымы үшін қатарынан екінші жеңіс болды: өткен турда ақтөбеліктер сырт алаңда «Алтайды» 4:2 есебімен ұтқан еді.