Q Football

«Ақтөбе» бас бапкерін ауыстырмайды

«Ақтөбе» бас бапкерін ауыстырмайды

Игорь Черевченко командадағы жұмысын жалғастырады

Серый CARDINAL хабарлауынша, оның тізесіне жақында ота жасалады. Осыған байланысты Түркияда өтетін оқу-жаттығу жиынына қатыспауы мүмкін. Бірақ Черевченко жақын арада командадан кетпейді екен. Клуб басшылығы оған толықтай сенім артады.

52 жастағы ресейлік маман «Ақтөбені» өткен жазда тізгіндеген еді. Оның тұсында «қызыл-ақтар» бес рет жеңіске жетіп, үш мәрте тең түссе, үш ойында қарсыласына жол берді.

30 турдан кейін 49 ұпай жинаған команда ҚПЛ биылғы маусымын бесінші орында аяқтады.