Q Football

Франциялық футболшы Қазақстан футболындағы жасырын төлемдер туралы айтты

Франциялық футболшы Қазақстан футболындағы жасырын төлемдер туралы айтты
PFL KAZ

Франциялық жартылай қорғаушы Жереми Манзорро резонанс тудырған сұхбат беріп, онда қазақстандық клубтардың заңсыз қаржылық айла-шарғылары туралы айтты

«Сен келісімшартқа қол қойып, айына, айталық, 15 мың еуро сұрасаң, клуб саған 20 мың еуро береді. Артық 5 мыңды ұстап қалып, агентке, спорт директорының өзіне... беріп отыру керек. Оны бәрі бөліседі. Әр клубқа жеті легионер ұстауға рұқсат болғандықтан, мақсат - сол санға жету еді: сөйтіп, сырт көзден таса жерде шаруасын жүргізіп, аздап табыс табу», - деп түсіндірді Манзорро.

Француз футболшысы мұндай келісімдерге қатысудан бас тартуы «Астана» клубымен қарым-қатынасына әсер еткенін де айтты. Оның сөзінше, осыдан кейін клуб тарапынан қызығушылық төмендеп, келісімшарт бұзылған.

«Олар енді маған қызықпады, өйткені мен оларға қосымша табыс әкелмедім. Сондықтан кетіп қалдым», - деді Манзорро.

Жереми Манзорро 2019 жылдан 2022 жылға дейін Қазақстанда «Ертіс», «Шахтер», «Тобыл» және «Астана» клубтарында ойнаған.