Маман командасының қарсыласқа жақсы дайындалғанын және ойын жоспарын орындай алғанын атап өтті. Алюетовтің сөзінше, чемпионаттағы ұзақ үзіліс алдында бұл жеңістің маңызы ерекше болды.
«Біз бұл матчқа жақсы дайындалдық. Жеңіс біз үшін өте маңызды, әсіресе алда үлкен үзіліс тұр», — деді бапкер.
Алюетов үзілістен кейін «Оқжетпестің» басымдығын арттырып, тағы бірнеше гол соғуға мүмкіндігі болғанын да айтты.
Осы жеңістен кейін көкшетаулық клуб турнир кестесіндегі жағдайын жақсартты.
