Q Football

Оразбахтин ҚПЛ-дегі оныншы жеңістен кейін «Қайраттың» мақсатын атады

Оразбахтин ҚПЛ-дегі оныншы жеңістен кейін «Қайраттың» мақсатын атады

Рафаэль Оразбахтин бұл кездесуде «Қайрат» үшін ең бастысы үш ұпай болғанын атап өтті, өйткені маусымның аяқталуы барынша шиеленісті болып тұр.

– Ең алдымен, әрине, біз үшін үш ұпай маңызды болды. Қазір бізде алты матч қалды, әрқайсысы – финал сияқты. Сондықтан өте байыппен бапталып, мұқият дайындалдық, жігіттер жарады. Бұл жаттығулардан да көрінеді, жалпы олардың тұрмыста өзін қалай ұстайтынынан да: бәрі өте бапталған, шоғырланған, жігерлі. Алдымызда тұрған мақсатқа жетуге құлшынып тұр. Ал мақсат, әрине, – чемпиондық. Жеңіске өте қуаныштымыз, – деді Уразбахтин.

Бапкер 3:0 есебі жаңылыстырмауы керегін қосты: үзіліске дейін «Жеңіс» алаң иелеріне біраз қиындық туғызды, әсіресе қапталда.

– Иә, есепке қарамастан, жеңіс бізге оңай келген жоқ. Бірінші таймда қарсылас бізді алаңдатты. Қапталдағы жағдайды шеше алмадық. Олар, қарапайым тілмен айтқанда, үнемі қапталды «үшеулеп» күшейтті: тірек жартылай қорғаушы үнемі сол жаққа ығысып отырды, біз оған сәл-пәл үлгермей қалдық. Мартинс осы пастарды таратып отырды, оған қоса олар сол жерде жасаған ротациялар. Әрине, бұл қолайсыз сәттер туғызды. Үзілісте жігіттерге қалай дұрыс әрекет ету керегін айтып бердік – видеодан да, тақтада да көрсеттік. Жалпы, бәрін түсінді. Ал екінші таймда… Ең басынан-ақ біз есепке қарай ойнадық, өйткені 1:0 болып алда едік. Әрине, екінші гол керек болды. Бәрі біз жоспарлағандай аяқталғаны өте жақсы, – деп түсіндірді бапкер.

Сондай-ақ Уразбахтин қарсыластың кадрлық шешімдеріне назар аударды: оның айтуынша, «Жеңіс» екі күннен кейін өтетін «Қызылжармен» ең жақын ойынды ойда ұстаған.

– Біз қарсылас бәрібір келесі матчқа – «Қызылжармен» ойынға көбірек көңіл бөлетінін түсіндік. Оларда ойын екі күннен кейін-ақ. Түсінікті, олар белгілі бір ротация жасады: біреулерге демалыс берді, біреулер ойнады, жаңа футболшылар шықты. Бұл қалыпты нәрсе. Мұнда не қосасың? Ең бастысы – біз жеңдік, үш ұпай алдық та, әрі қарай жүрдік, – деп атап өтті ол.

Осы жеңістен кейін «Қайрат» 57 ұпай жинап, Қазақстан чемпионаты кестесінде бірінші орынға көтерілді. Алматы клубы үшін «Жеңісті» жеңу ҚПЛ-дегі қатарынан оныншы жеңіс болды.