Q Football

Андрей Карпович «Елімайдағы» үш жылын қорытындылап, алғысын білдірді

Андрей Карпович «Елімайдағы» үш жылын қорытындылап, алғысын білдірді

45 жастағы қазақстандық маман Андрей Карпович «Елімай» клубының бас бапкері қызметінен кеткеннен кейін Facebook парақшасында жанкүйерлерге үндеу жасады

Ол туған өңірінде өткізген үш жылын қорытындылап, командаға қолдау көрсеткен барша азаматқа алғыс айтты.

Карпович үшін туған жерінде, кәсіби жолын бастаған өңірде жұмыс істеу үлкен мәртебе болғанын атап өтті. Ол Абай облысының әкімі Берік Уәлиге команда нәтижесіне қарамастан тұрақты қолдау көрсеткені үшін, сондай-ақ Олег Новачукке алғысын жеткізді. Бапкердің айтуынша, KAZ Minerals компаниясының клубқа келуі «Елімайдың» қаржылық тұрақтылығын қамтамасыз етуге ықпал еткен.

Маман қазіргі «Елімайдың» қалыптасуындағы Аскар Уранхаевтың еңбегін ерекше атап өтті. Оның сөзінше, клубтың қайта жандануына осы азаматтың қосқан үлесі зор. Сондай-ақ команданың қазіргі жетістіктері мен еурокубоктарға жолдама алуы да үлкен бірлескен жұмыстың нәтижесі екенін жеткізді.

Сөз соңында Карпович жаттықтырушылар штабына, футболшыларға, клуб қызметкерлеріне және жанкүйерлерге ризашылығын білдірді. Команданы қолдағандарға да, сын айтқандарға да алғыс айтты. Маманың сөзінше, туған жерінде өткізген үш жылы оның өміріндегі ерекше кезеңдердің бірі болып қала береді.