Матчтың басты қаһарманы Бьорн Йонсен болды. Норвегиялық шабуылшы 20-минутта Лео Нательдің пасынан кейін есеп ашты. Үзілістен кейін көп ұзамай ол дубль авторы атанды — бұл жолы нәтижелі пасты Жасұлан Әмір берді.
Кездесудің соңғы нүктесін де Йонсен қойды. Ол 90+3-минутта тағы бір гол соғып, хет-трик рәсімдеді. Осылайша «Атырау» қақпасына жауапсыз үш доп жіберілді.
Бұл жеңіс «Ордабасыға» чемпиондық бәсекеде «Қайраттан» басымдығын арттыруға мүмкіндік берді. Осы ойын күні алматылықтар «Астанаға» 0:1 есебімен жол берген болатын.
