Q Football

«Нақты себебі жоқ»: «Ордабасы» президенті Андрей Мартиннің неліктен командадан кеткенін айтты

«Нақты себебі жоқ»: «Ордабасы» президенті Андрей Мартиннің неліктен командадан кеткенін айтты

Жасұлан Барманқұлов командамен тарихи «алтын дубль» жасаған бапкердің жұмысынан кетуіне қатысты пікір білдірді

«Мартинді осы үшін алып тастадық деген нақты себеп жоқ. Жалғыз менің шешімім емес, директорлар кеңесімен ақылдаса келе осындай қадамға бардық.

Андрей Михайлович – өте мықты бапкер. Бізге чемпиондықты, кубокты алып келді. Оған алғысымыз шексіз. Ол кісіні қатты сыйлаймыз, жақсы көреміз. Ағамыздай болып кетті. Бірақ ішкі түйсікке сүйене отырып, онымен келісімшартты ұзартпадық»,– Барманқұлов Елдар Аманбаевқа берген сұхбатында.

52 жастағы молдовалық маман «Ордабасыны» 2024 жылдың желтоқсан айынан 2026 жылдың қарашасына дейін жаттықтырды. Оның тұсында Шымкенттің клубы биыл Қазақстан чемпионы атанып, Ел кубогын иеленді. Осылайша тарихында алғаш рет «алтын дубль» жасады.