Q Football

Томасов маусымды аяқтамай Қазақстаннан кетуі мүмкін

Томасов маусымды аяқтамай Қазақстаннан кетуі мүмкін
KazFootball.kz

«Астананың» хорват ардагері сары қағаз көп жиналғандықтан чемпионаттың соңғы турына қатыса алмайды. Бәлкім, оның Қазақстандағы мансабы осымен тәмәм болар.

«Қайсармен» есепсіз тең аяқталған 29-тур кездесуінде 39 жастағы жартылай қорғаушы Марин Томасов маусымдағы төртінші ескертуін алды. Дисквалификацияға байланысты ол 30-турда «Жетісуға» қарсы ойында алаңға шыға алмайды, деп хабарлайды KazFootball.kz тілшісі. Осылайша тәжірибелі хорват үшін биылғы маусым мерзімінен бұрын аяқталды. Ол келесі жылы елорда клубының сапында ойнауын жалғастыра ма, жоқ па, әзірге белгісіз.

Томасов Қазақстан Премьер-лигасында «Астана» сапында 234 матч өткізіп, 106 гол соққан.