Чемпионаттың екінші бөлігінде футболшы денсаулығына байланысты көп уақыт алаңға шыға алмай, командасына айтарлықтай көмектесе алмады.
Садовский жалғыз голын ҚПЛ-дың соңғы турында «Елімайға» қарсы кездесуде соқты. Осылайша, шабуылшы маусымды бір голмен аяқтады.
AmanVibe мәліметінше, келесі маусымда Қазақстан атынан еурокубоктарға қатысатын «Оқжетпес» беларусьтік легионермен келісімшартты ұзартуға ниетті емес.
