Q Football

«Қайрат» «Тоболды» қиындықсыз жеңеді — сарапшы болжамы

«Қайрат» «Тоболды» қиындықсыз жеңеді — сарапшы болжамы
©️Liter.kz

Қазақстан құрамасының бұрынғы ойыншысы Вячеслав Эрбес ҚПЛ-дың 26-турындағы «Қайрат» пен «Тобол» арасындағы матчқа қатысты пікір білдірді.

Маманның ойынша, алматылық команда өз алаңында үш ұпайға қол жеткізуі тиіс. Ол Қостанай клубының маусымның екінші бөлігінде ойынын жақсартқанын атап өтті. Дегенмен қазіргі чемпионның формасы жақсы болғандықтан, өз алаңындағы кездесуде ұпай жоғалтпауы керек деп есептейді.

«Қайрат» — «Тобол» матчы 13 қыркүйекте Алматыда өтеді. Кездесу сағат 19:00-де басталады.