Q Football

Тәжікстан бес гол соғып, 2026 жылғы жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионатын жеңіспен бастады

Тәжікстан бес гол соғып, 2026 жылғы жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионатын жеңіспен бастады
FIFA

Тәжікстанның жасөспірімдер футбол құрамасы Катарда өтіп жатқан 17 жасқа дейінгі ойыншылар арасындағы әлем чемпионатының F тобындағы бірінші турда Куба құрамасын 5:3 есебімен жеңді.

Дохадағы «Аспайр Зон» кешенінің алаңында өткен матчта алғашқы голды кубалықтар соқты. 44-минутта есепті Гонсалес ашты. Тәжікстан құрамасында Асадбек Махтумов дубль жасады, тағы бір голды Парвиз Бобоназаров соқты. Екінші таймдағы ойыншы алмастырулар Игорь Суровтың командасына екі гол әкелді — Комилджон Шарипов пен Бихишти Раджабзода көзге түсті.

Кубаны жеңгеннен кейін Тәжікстанның үш ұпайы бар. 23 қарашада команда Хорватиямен ойнайды, ал 26 қарашада топтық кезеңді Сенегалға қарсы матчпен аяқтайды.