Инсайдер Эльдар Аманбаевтың мәліметінше, үміткерлер тізіміне «Тобылдан» Сұлтан Бусурманов,«Қайсардан» Нұрымжан Салайдин және «Атыраудан» Нұрасыл Тоқтаров енген. Сонымен қатар клуб басқа да қақпашыларды қарастырып жатыр.
Өткен Бірінші лига маусымының қорытындысы бойынша «Шахтер» 26 ойында 65 ұпай жинап, турнир кестесінде бірінші орын алды. Бұл нәтиже клубқа Премьер-лигаға жолдама алуға мүмкіндік берді.
