Q Football

«Астананың» қақпашысы Мұхаммеджан Сейсен «Тұранға» ауысады

«Астананың» қақпашысы Мұхаммеджан Сейсен «Тұранға» ауысады
ФК «Астана»

Елордалық «Астана» мен Қазақстан ұлттық құрамасының 27 жастағы қақпашысы Премьер-лига аясында клубын ауыстырып, жоғары дивизионға қайта оралған «Тұранның» құрамына қосылады.

«Астана» қақпашысы Мұхаммеджан Сейсен кәсіби мансабын Түркістанның «Тұран» клубында жалғастырады. Бұл туралы QFootball.kz порталы KazFootball.kz сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

27 жастағы қақпашы 2024 жылдан бері елордалық клубтың намысын қорғады. Осы кезеңде ол «Астана» сапында 44 матч өткізіп, 52 гол жіберіп алды және 15 рет қақпасын голдан аман сақтады. Елордаға келгенге дейін Сейсен Шымкенттің «Ордабасы» және «Тараз» клубтарында да ойнаған, сондай-ақ Қазақстан ұлттық құрамасы сапында жеті матч өткізген.

Айта кетейік, Түркістанның «Тұран» клубы өткен маусымдағы Бірінші лига қорытындысы бойынша турнирлік кестеде үшінші орын алып, келесі маусымда өнер көрсететін Қазақстан Премьер-лигасына жолдама жеңіп алды.