Q Football

«Ертіс» негізгі қорғаушылардың бірімен қош айтысты

«Ертіс» негізгі қорғаушылардың бірімен қош айтысты
© Sport.kz

Павлодарлық клуб ганалық қорғаушы Ибраһим Фардтың командадан кеткенін ресми түрде мәлімдеді.

Клубтың мәліметінше, тараптар келісімшартты өзара келісім негізінде тоқтатқан.

Фард осы маусымда павлодарлық команда сапында барлық турнирде 14 матчқа қатысқан.

«Ертіс» өз мәлімдемесінде футболшыға атқарған еңбегі үшін алғыс айтып, алдағы мансабына сәттілік тіледі.

Қазіргі таңда павлодарлық клуб Премьер-лигада 18 турдан кейін 14 ұпаймен соңғы орында тұр.