Q Football

Шацкий «Шахтердің» ҚПЛ-дегі мақсаты туралы айтты

Шацкий «Шахтердің» ҚПЛ-дегі мақсаты туралы айтты
©️FC SHAKHTER

Қарағандылық клубтың капитаны Премьер-Лигаға оралуына қатысты пікір білдіріп, алдағы маусымға жоспарымен бөлісті.

«Біз алдымызға қойылған басты міндетті орындадық — Премьер-Лигаға оралдық. «Шахтер» — менің туған клубым, ал Қарағанды — туған қалам. Мен әрдайым команданы қолдаймын», — деді қақпашы.

Шацкийдің айтуынша, келесі маусымдағы мақсаттар туралы айтуға әлі ерте. Алдымен команда оқу-жаттығу жиындарынан өтіп, содан кейін нақты қорытынды жасайды.

2026 жылғы Бірінші лигада қақпашы 19 матч өткізіп, жеті гол жіберген және 14 кездесуде қақпасын голдан аман сақтаған.

Еске салайық, «Шахтер» Бірінші лиганы мерзімінен бұрын жеңіп алып, екі жылдық үзілістен кейін Қазақстанның элиталық дивизионына оралды.