Q Football

Еуропалық клубтар «Астананың» көшбасшысына қызу талас бастады

Еуропалық клубтар «Астананың» көшбасшысына қызу талас бастады
©️ФК «Астана»

Иван Башичке «Халл Сити», «Удинезе» және «Страсбург» көз тігуде, ал елордалық ұжым келісімшарттың аяқталуына байланысты футболшыдан тегін айырылып қалу қаупінде тұр

«Астананың» босниялық жартылай қорғаушысы алдағы трансферлік терезеде клуб ауыстыруы әбден мүмкін, деп хабарлайды BH Gol. 24 жастағы хавбекке бірден үш шетелдік команда нақты қызығушылық танытып отыр: Сергей Якирович жаттықтыратын англиялық «Халл Сити», италиялық «Удинезе» және франциялық «Страсбург».

Ықтимал ауысым төңірегіндегі жағдайды келісімшарт мәселесі ушықтырып тұр: жартылай қорғаушының елордалық клубпен қолданыстағы шарты 2026 жылдың 31 желтоқсанына дейін ғана жасалған. Егер астаналықтардың басшылығы жақын арада трансферді рәсімдемесе немесе келісімді ұзартпаса, футболшы команда сапынан мүлдем тегін кетіп қалуы ғажап емес.

Еске сала кетейік, «Астана» ҚПЛ-2026 маусымын 54 ұпаймен үшінші орында түйіндеп, УЕФА Конференция лигасының іріктеу кезеңіне жолдама иеленген болатын.