Q Football

Нани «Ақтөбеден» кететінін мәлімдеді

Нани «Ақтөбеден» кететінін мәлімдеді
©️LUIS NANI

Футболшы бұл туралы клуб сапындағы соңғы үй матчынан кейін Instagram парақшасында жазды.

«Бұл керемет оқиға болды, енді оның аяқталатын уақыты келді. Клубтағы барша жанға, қала тұрғындарына және Қазақстан халқына жылы қабылдауы мен бірге өткізген сәттеріміз үшін алғыс айтамын.

Чемпионатта әлі бір ойын бар. Дегенмен өмірімнің осы кезеңінен қалған естеліктер менімен мәңгі бірге болады», — деп жазды Луиш Нани.