11-минутта есепті Марин Томасов ашты: хорват допты қақпаның үстіңгі кермесінің астына дәл бағыттап соғып, елордалық клубты алға шығарды.
Одан кейін «Астана» есепке сай әрекет етті — ойынды сабырмен бақылауда ұстап, алаң иелеріне қарқын алуға мүмкіндік бермеді.
Томасов соңғы нүктені қосымша уақытта қойды. 90+1-минутта ол алаңның ортасынан әсерлі соққымен көзге түсіп, есепті 0:2 етті.
Осы жеңістен кейін «Астананың» еншісінде 35 ұпай болды — команда ҚПЛ кестесінде үшінші орнын қайта алды. 27 ұпайы бар «Ұлытау» кестенің орта тұсында қалып отыр.
