Q Football

«Қайсар» «Тобылдың» еурокубоктық өтінішінен бас тартты

«Қайсар» «Тобылдың» еурокубоктық өтінішінен бас тартты
©️sports.kz

Сатып алынған билеттерден келетін қаржылық шығын мен үш апталық үзіліс қаупі қызылордалықтарды матчты ауыстырудан бас тартуға мәжбүр етті, деп хабарлайды Amanvibe.kz

Клуб өкілдері қостанайлықтарға халықаралық аренада шын жүректен табыс тілейтінін, бірақ қазіргі жағдайда олардың өтінішін орындау мүмкін емес екенін атап өтті.

Негізгі себеп — өтініштің кеш түсуі: «Тобыл» матчты ауыстыруды ойынға бір апта қалғанда ғана сұраған, бұл кезде қызылордалықтар ұшақ билеттерін, қонақүй мен сырттағы логистиканы толық төлеп қойған болатын. Қаржылық шығындардан бөлек, ойын күнінің жылжытылуы «Қайсарды» ойын тәжірибесіз үш апталық үзіліске ұшыратып, футболшылардың бабына кері әсер етуі мүмкін еді.

Клуб өкілдері бұған дейін де еурокубок қатысушыларына — атап айтқанда «Қайратқа» қолдау білдіргенін, бірақ ол келіссөздердің алдын ала жүргізілгенін еске салды. Басшылық бұл шешімнің тек логистика мен команданың спорттық бабын сақтау қажеттілігінен туындағанын және күнтізбені жасау кезінде ҚПЛ-дың барлық қатысушысы үшін тең жағдай сақтау маңызды екенін жеткізді.