Алаң иелерінің бас бапкері нәтижені заңды деп бағалап, алдыңғы турдағы «Қайратқа» қарсы ірі жеңістен кейін команда матчқа қажетті деңгейде кірісе алмағанын айтты.
«Нәтиже заңды. «Қайратпен» болған эмоциялық ойыннан кейін бүгін бізге эмоция жетіспеді. Әсіресе бірінші таймда», — деді Ромащенко.
Сонымен бірге маман «Тобылда» матч барысын өзгертуге мүмкіндіктер болғанын атап өтті. Оның сөзінше, қостанайлықтар кем дегенде төрт жақсы сәт жасағанымен, оларды пайдалана алмады.
«Елімай» кездесудің тағдырын Фессу Плакка мен Айбар Жақсылықовтың голдары арқылы шешті. Плакка 16-минутта есеп ашса, үзіліске аз уақыт қалғанда Жақсылықов қонақтардың басымдығын екі допқа жеткізді.
«Тобыл» үшін бұл жеңіліс алдыңғы турдағы нәтижемен салыстырғанда айрықша болды. Бұған дейін команда «Қайратты» 4:1 есебімен ойсырата жеңген еді. Ал «Елімай» чемпионаттағы қатарынан екінші жеңісіне қол жеткізді.
