Q Football

17 жылдан кейін: «Оқжетпес» еурокубокке оралды

17 жылдан кейін: «Оқжетпес» еурокубокке оралды
«Оқжетпес» ФК

Көкшетаулық клуб Премьер-лиганы рекордтық төртінші орынмен аяқтап, «Ордабасының» Кубок финалындағы жеңісінен соң УЕФА Конференция лигасының іріктеу кезеңіне жолдама алды.

2026 жылғы маусым Көкшетау футболы үшін тарихи белеске айналды. «Оқжетпес» ел чемпионатының 32 кездесуінде 54 ұпай жинап, турнир кестесінде төртінші орынға тұрақтады. Команда «Астанамен» ұпай санын теңестіргенімен, қосымша көрсеткіштер бойынша елордалықтарды алға жіберді. Соған қарамастан, бұл нәтиже клубтың Премьер-лигадағы ең жоғары тарихи жетістігі ретінде тіркелді.

Еурокубоктық жолдаманың тағдыры 7 қараша күні «Ордабасының» Қазақстан Кубогының финалында «Қайсарды» 4:1 есебімен тас-талқан етуінен кейін ресми түрде шешілді. Шымкенттіктер чемпионат арқылы Еуропаға жолдама алып қойғандықтан, квота 4-орындағы «Оқжетпеске» өтті. Осылайша, көкшетаулық клуб 2027/28 жылғы УЕФА Конференция лигасының бірінші іріктеу кезеңінде бақ сынайды. Команда соңғы рет еурокубоктық додаға 2009 жылы қатысқан болатын. Тарихи маусымның салтанатты қорытындысы 8 қараша күні Көкшетауда өтетін мерекелік кеште қойылмақ.