Q Football

Талғат Байсуфиновның «Қайсардағы» көмекшілері белгілі болды

Талғат Байсуфиновның «Қайсардағы» көмекшілері белгілі болды

Қызылордалық «Қайсар» клубының бас бапкері Талғат Байсуфиновқа көмектесетін мамандардың есімдері анықталды

Дереккөздің мәліметінше, оның жаттықтырушылар штабына Марат Еслямов пен Дмитрий Карпов қосылады.

48 жастағы Еслямов маусымды «Ұлытау» командасының бас бапкерінің көмекшісі ретінде бастаған. Кейін Павлодардың «Ертіс» клубын басқарды. КПЛ аясында алты матч өткізгеннен кейін маман командадан кетті.

Ал Дмитрий Карпов жыл басынан бері «Қайсар» жүйесінде жұмыс істеп келеді. Әуелде Андрей Ферапонтовтың жаттықтырушылар штабында болды, кейін команданың бас бапкері міндетін уақытша атқарды.

Жаңартылған жаттықтырушылар штабы бүгін алғашқы ойынын өткізеді. «Қайсар» сырт алаңда «Астанамен» кездеседі. Матч сағат 19:00-де басталады.