Q Football

Карпович «Елімайдың» «Алтаймен» матчта неге ұпай жоғалтқанын түсіндірді

Карпович «Елімайдың» «Алтаймен» матчта неге ұпай жоғалтқанын түсіндірді

Семейлік клубтың бас бапкері Андрей Карпович «Алтаймен» 2:2 есебімен аяқталған нәтижелі тең ойынға қатысты пікір білдірді.

Маман екі команданың да көптеген гол соғу мүмкіндіктерін жасағанын және Семей мен Өскемен клубтары арасындағы принципті текетірестің тартысты өткенін атап өтті.

«Біздің мақсатымыз бұл жерден үш ұпай алып қайту еді. Өкінішке қарай, оған қол жеткізе алмадық», – деді Карпович.

Бапкер жеңісті уыстан шығарып алудың басты себебі ретінде гол соғу мүмкіндіктерін тиімді пайдалана алмауды атады. 29 турдан кейін «Елімай» 45 ұпаймен турнирлік кестеде алтыншы орында тұр.