Q Football

Джанни Инфантино Бакуде «Сабах» пен «Қарабақтың» матчын тамашалады

Джанни Инфантино Бакуде «Сабах» пен «Қарабақтың» матчын тамашалады

ФИФА президенті Әзербайжан чемпионатының 9-турындағы голсыз тең аяқталған кездесуден алған әсерімен бөлісті

Әлемдік футбол федерациясының басшысы ойынды Әзербайжанның экономика министрі Микаил Джаббаров, АФФА президенті Ровшан Наджаф, «Сабах» клубының президенті Магсуд Адыгезалов, сондай-ақ ФИФА Кеңесінің мүшелері Сулейман Хассан Вабери, Джоанна Вуд және Родольфо Вильялобоспен бірге тамашалады.

Инфантино екі команданың тартысты кездесуін әзербайжан футболының керемет мерекесі деп атады. «Осындай тамаша ахуал сыйлағаны үшін екі клубқа да, барлық жанкүйерге де алғыс айтамын. Бұл футболдың адамдарды қалай біріктіріп, қуаныш сыйлайтынын тағы бір рет дәлелдейді», — деп жазды ФИФА президенті Instagram парақшасында.