Ойынның есебін 55-минутта Франция сапынан Майкл Олисе ашты. Алайда Италия 68-минутта Алессандро Бастонидің голымен таразы басын теңестірді.
Франция құрамасы матчты толық құрамда аяқтай алмады: 85-минутта Дайо Упамекано екінші ескертуін алып, алаңнан қуылды. Ескертулер қатарында Упамекано, Италиядан Николо Фаджоли мен Мойзе Кин бар.
Францияның бастапқы құрамы: Меньян - Калулу, Жаке, Упамекано, Трюффер - Шерки (Камавинга, 76), да Кунья (Лакруа, 87), Рабьо - Олисе, Дембеле, Дуе (Баркола, 76).
Италияның бастапқы құрамы: Доннарумма - Кайоде, Скальвини, Бастони, Калафиори - Фраттези (Думбия, 80), Тонали (Барелла, 62), Фаджоли - Кин, П. Эспозито (Вергара, 62), С. Эспозито (Мальдини, 80).
