Ойынның 8-минутында есепті Гарри Кейн ашты. 21-минутта Джуд Беллингем айырманы ұлғайтса, 39-минутта Энтони Гордон гол соқты. Бірінші таймның соңына қарай Букайо Сака 45-минутта тағы бір мәрте мергендік танытып, үзіліске дейін Англияның басымдығын айқын етті. Екінші таймда Кейн 53-минутта дубль жасап, Сака 68-минутта екінші голын соқты. Қорытынды нүктені 87-минутта алаңға кейін қосылған Роджерс қойды - 0:7.
Хорватия құрамасы матчты мына құрамда бастады: Ливакович - Станишич (Шутало, 76), Вушкович, Гвардиол, Перишич - Модрич (Якич, 56), Ковачич - Иванович, П. Сучич (Марио Пашалич, 46), Батурина (Влашич, 46) - Муса (Матанович, 46).
Англияның бастапқы құрамы: Пикфорд - Кванса, Конса, Геї, Холл (Льюис-Скелли, 79) - Андерсон (Гиббс-Уайт, 79), Беллингем, Скотт (Гарнер, 69) - Сака, Кейн (Роджерс, 69), Гордон (Эзе, 69).
Кездесуде жалғыз ескерту Маттео Ковачичке көрсетілді.
