Фарер аралдары құрамасы үшін бұл арнайы тағайындау әзірге онша сәтті болмай тұрғандай: Тохвердің төрелігімен команда үш рет алаңға шығып, бірде-бір рет жеңіске жеткен жоқ.
Бұл матчтарда Фарер аралдары Мальтамен тең түсті (1:1), сондай-ақ Исландиядан (0:1) және Хорватиядан (0:1) минималды есеппен ұтылды. Қазақстан — Фарер аралдары ойыны 6 қазанда Астанада өтеді. Бетпе-бет кездесуге Фарер аралдары үш ұпаймен келсе, Қазақстан құрамасы үш турда тек бір ұпай еншілеген.
Соңғы матчта қазақстандықтар өз алаңында күтпеген жерден Молдоваға жол берді (1:2). Фарерліктер болса, өз алаңында Словакиядан ұпай тартып алды (1:1).
