«2026 жылғы маусым аяқталды. Бұл маусым мен үшін үлкен тәжірибе, көптеген сабақтар мен есте қаларлық сәттерге толы болды. Қуанышы да, қиындығы да аз болған жоқ. Әрбір ойын, әрбір жаттығу мен әрбір сәт мені шыңдай түсті.
Бізбен бірге болған, қолдау көрсеткен барша жанкүйерлерге, командаластарыма, бапкерлер штабына және клуб қызметкерлеріне алғысымды білдіремін. Сіздердің қолдауларыңыз біз үшін әрдайым маңызды! Алда жаңа мақсаттар, жаңа белестер және жаңа мүмкіндіктер күтіп тұр. Ең бастысы — тоқтамай, алға қарай жүру! Баршаңызға рақмет! Келесі маусымда кездескенше! Аллах қаласа!»,— деді Әділбек Instagram парақшасында.
23 жастағы ұлттық құрама ойыншысы бұл маусымда жалпы 21 матчқа қатысып, екі гол соқты. Оның «Елімаймен» келісімшарты 31 желтоқсанға дейін жарамды.
