«Жеңіс» футбол клубы команданың негізгі құрамын сақтап қалу жұмысын жалғастырып, екі ойыншымен — қақпашы Максим Плотниковпен және Андрия Филиповичпен келісімшарттарды ұзартқанын ресми түрде жариялады. Екі футболшымен жасалған жаңа келісімдер 2027 жылғы маусымның соңына дейін есептелген.
Қақпашы Максим Плотников өткен маусымда елордалық команданың ең көп ойын өткізген футболшыларының бірі болды: ол Премьер-лига мен Қазақстан кубогы аясында 34 матч өткізіп, 47 гол жіберді және он рет қақпасын голдан аман сақтады.
Ал Андрия Филипович өткен маусымда ел чемпионаты мен кубогының 18 кездесуіне қатысып, сегіз гол соқты және екі нәтижелі пас берді.
