Шымкенттік «Ордабасы» жаңа бас бапкердің тағайындалғанын ресми түрде жариялады — команданы 44 жастағы бельгиялық маман Карел Герартс басқарды. QFootball.kz хабарлауынша, еуропалық бапкердің келгені туралы ақпаратты клубтың амбассадоры әрі тең иесі Бейбіт Әлібеков әлеуметтік желідегі парақшасында растады.
Герартс бұған дейін Еуропаның танымал үш клубында жұмыс істеген. Бельгиялық «Юнионды» басқарған маман 57 матч өткізіп, команданы Еуропа лигасының ширек финалына шығарды. Кейін ол германиялық «Шалькені» (33 ойын) басқарды, ал бапкердің соңғы жұмыс орны франциялық «Реймс» болды. Бельгиялық маман команданы 40 кездесуде басқарып, 2026 жылдың мамырында клубтан кетті.
Шымкенттіктердің бапкері қызметінде Герартс молдовалық маман Андрей Мартинді алмастырды. Бұрынғы бапкерлер штабының жетекшілігімен «Ордабасы» тарихи 2026 жылғы маусымды өткізіп, клуб тарихында алғаш рет «алтын дубль» жасады: команда Қазақстан чемпионатында жеңіске жетті, ал Түркістанда өткен ел кубогының финалында қызылордалық «Қайсарды» 4:1 есебімен ойсырата жеңді.
