«Алтай Өскемен» футбол клубы жеке капитал тарту арқылы қаржылық жағдайын нығайтуға бағытталған маңызды қадам жасады. 2026 жылдың 17 қарашасында клуб басшылығы мен «AN Groups» ЖШС құрылыс компаниясы ресми түрде ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды.
Қол жеткізілген уағдаластықтарға сәйкес, жаңа инвестор өскемендік клубтың құрылтайшылар құрамына кіреді. Тараптардың бірлескен жұмысы қосымша қаржыландыруды қамтамасыз етуге, жеке инвестициялар тартуға, сондай-ақ «Алтайдың» инфрақұрылымы мен материалдық-техникалық базасын жүйелі түрде дамытуға бағытталмақ.
Айта кетейік, «AN Groups» ЖШС құрылыс саласында мол тәжірибеге ие. Бейінді компаниямен орнатылған серіктестік бюджетті тұрақтандырудың маңызды кезеңіне айналып, Өскемен футбол клубының одан әрі дамуына тың серпін береді деп күтілуде.
