ESPN басылымының TEAMtalk-қа сілтеме жасап хабарлауынша, 29 жастағы футболшының италиялық клубпен қазіргі келісімшарты 2028 жылдың жазына дейін жарамды. Ойыншының агенттері жаңа команда іздеуге кіріскен. Сонымен қатар «Манчестер Юнайтед» басшылығына оны қайта қатарға қосу мүмкіндігі туралы ақпарат берілген.
Мактоминей «Наполиге» 2024 жылдың жазында ауысқан. Бұған дейін манкуниандық клубтың түлегі «қызыл сойқандардың» негізгі құрамында 255 матч өткізіп, 29 гол соғып, сегіз нәтижелі пас берген.
Transfermarkt мәліметінше, шотландиялық футболшының нарықтық құны 40 миллион еуроны құрайды.
