Келіссөздегі басты мәселе — жалақы. Чалханоглу «Интерде» жылына шамамен 6,5 миллион еуро алады. Милан клубы оған 5 миллион еуро негізгі жалақы мен сыйақы қарастырылған жаңа келісімшарт ұсынуға дайын. Бірақ футболшы табысының едәуір азайғанын қаламайды. Тараптар бұған дейін сөйлескенімен, «Интер» әлі нақты ұсыныс жасаған жоқ.
Чалханоглудың жағдайын «Галатасарай» ерекше назарда ұстап отыр. Түркия клубы оған тиімдірек қаржылық шарт ұсынып, ел чемпионатына қайтара алады. «Ювентус» та жартылай қорғаушыны шақыру мүмкіндігін қарастырып жүр. «Комо» мен «Тоттенхэм» де оны алғысы келетін клубтардың қатарында.
Егер Чалханоглу «Интермен» келісе алмаса, қаңтардан бастап шетелдік клубтармен келіссөз жүргізе алады. Ол маусым аяқталған соң еркін агент ретінде ауыса алады.
