Q Football

Бруну Фернандеш «Миланға» ауысуы мүмкін

Бруну Фернандеш «Миланға» ауысуы мүмкін

«Манчестер Юнайтед» капитанынан айырылып қалуы мүмкін

Corriere dello Sport хабарлауынша, «россонерри» португалиялық жартылай қорғаушыны жазда еркін агент атанған жағдайда қатарына тегін қосып алуды көздейді. «Милан» бас бапкері Рубен Аморим Фернандешпен өте жақсы араласады және Брунуды өз командасында көргісі келеді.

Ал манкуниандықтардың жаңа бас бапкері Маурисио Почеттино Брунуды сатуға үзілді-кесілді қарсы. Бірақ Фернандеш 30 маусымда аяқталатын келісімшартты ұзарту жөнінде түскен екі ұсыныстан бас тартып үлгерді.

32 жастағы хавбек осы маусымда 14 матчта алты гол соғып, үш нәтижелі пас берді.