Q Football

«ПСЖ» АПЛ шабуылшысына 95 миллион еуро жұмсауы мүмкін

«ПСЖ» АПЛ шабуылшысына 95 миллион еуро жұмсауы мүмкін
Reuters

Париждік клуб Дезире Дуэ мен Хвича Кварацхелияның ауыр жарақатына байланысты қысқы трансферлік кезеңде шабуыл шебін күшейтуді жоспарлап отыр.

21 қарашада Лига 1-дің 11-туры аясында өткен «Ниццаға» қарсы матчта (3:2) француз шабуылшысы жарақат алып, алаңнан зембілмен шығарылды. Усман Дембеле, Мика Годтс және Ферран Торрес секілді ойыншылардың болғанына қарамастан, Луис Энрикенің шабуыл шебіндегі ротация мүмкіндіктері айтарлықтай шектелді.

TEAMtalk мәліметінше, трансферге басты үміткерлердің бірі – «Борнмуттың» 20 жастағы шабуылшысы Эли Крупи. Испаниялық маман жас футболшының қабілетін жоғары бағалайды, ал париждік клуб басшылығы қаңтар айында келіссөздерді жандандыруы мүмкін.

Алайда Франция чемпионына Крупиге қызығушылық танытып отырған «Арсенал» мен «Тоттенхэм» клубтарымен бәсекелесуге тура келеді. «Борнмут» өз шабуылшысы үшін кемінде 95 миллион еуро алуды көздеп отыр.