Q Football

Матео Ковачич Мадридке оралуы мүмкін

Матео Ковачич Мадридке оралуы мүмкін

«Манчестер Сити» жартылай қорғаушысын «Атлетико» біраздан бері бақылап жүр

Diario AS хабарлауынша, «матрасшылар» 32 жастағы хорватиялық хавбекті қыста қатарға қосу жолдарын қарастырып отыр. Сондай-ақ оған «Ювентус» қызығушылық білдірді. Осы маусымда небәрі 373 минут ойнаған Матео клуб ауыстыруға дайын.

«Қалалықтар» Ковачичті 2023 жылы «Челсиден» 29,1 миллион еуроға сатып алған еді. Оның клубпен келісімшарты 30 маусымда аяқталады.

Хорватиялық ойыншы одан бөлек «Реал», «Интер» және «Динамо Загребте» ойнаған.